«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 аймақтық үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды. Медальдың алғашқы тұсаукесері 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады.
ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
Жеңіске барар жолда сіз уақытыңызды тиімді өткізесіз: спортпен шұғылданасыз, өз-өзіңізді дамытасыз, туристік саяхатқа шығасыз, жаңа кітаптар оқисыз және тағы басқа пайдалы дүниелермен айналысасыз. Деңгей өскен сайын, сіз өз уақытыңыздың көп бөлігін тапсырмаларды орындауға жұмсайсыз және өз дағдыңызды шынықтырасыз!
«Елбасы медалі» жобасына қатысушылар ақылды, күшті және талантты бола бастайды! #ChallengeElbasyMedali кезінде олар өз құрдастарымен танысады, жаңа қызықты достар табады, Қазақстанда танымал адамдармен кездеседі және өздерін бүкіл елге таныта алады!Жеңімпаздар медальмен марапатталып, еліміздің кәсіби мамандар арасында өз орнын табуға мүмкіндік алады!
Жобаға қатысу үшін қатысушы https://medal.elbasyacademy.kz. сайтта тіркеу нысанын толтыру қажет.