АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен V Республикалық олимпиаданың қорытындылары туралы ақпарат

03.12.2021

Дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 30 қарашада онлайн режимде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында 9-сынып оқушыларына арналған Қ.И. Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша V Республикалық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада ережесі бойынша әр облыстан 9 сыныптың 3 оқушысы, жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Олимпиаданың нәтижелері бойынша:

  1. ІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің оқушысы Екатерина Солонина марапатталды.
  2. ІІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Беспай Аслан марапатталды.
  3. Грамотамен Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушысы Уразбаев Ерасыл марапатталды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен V Республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

 

Просмотров: 918


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст