"Мың бала" жобасы туралы
Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.
Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
- Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары, олимпиадаға қатысуға бұған дейін қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қайта өтініш беруге құқылы.
I-кезең
Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.
Олимпиадаға қатысушылар I-кезеңнің кешенді тестілеуін өз таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беруді басқару органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алады.
II-кезең
Екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. ІІ-кезеңді өткізу орындарында оқушылардың қатысуы міндетті.
Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
- «Математикалық сауаттылық»;
- «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
- «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
- «Ағылшын тілі»;
- «Жаратылыстану».
Myń bala олимпиадасы қандай мүмкіндік береді?
- Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады.
- Ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келешекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін El Úmiti өркендеу онлайн платформасында арнайы курс тізбегі қолжетімді болады.
Қосымша ақпарат үшін 8 800 080 48 48 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін)
Нұсқаулық осы сілтеме бойынша: https://drive.google.com/drive/folders/1BKG1MeGsvGGf9V26AWp3gaYQhwQEHkG3?usp=sharing