АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

22.05.2018

  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында  2018 жылдың 15-16 мамыры күндері Щучинск қаласы туризм және сервис индустриясы колледжінде кәсіпкерлік негіздерінен «Сен

кәсіпкерсің» байқауы өткізілді.

         Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлік қызметін дәріптеу, экономика және бизнес саласына деген қызығушылыққа ынталандыру.

Байқауға Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Шортанды аудандарынан,

Көкшетау, Степногорск қалаларынан, Щучинск қаласының Жоғары колледжінен,

Щучинск қаласының педагогикалық колледжінен (2 команда), Щучинск қаласының

туризм және сервис индустриясы колледжінен, экология және орман шаруашылығы

колледжінен, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы колледжден, Зеренді ауданы

Чаглинка ауылының жоғары агробизнес агротехникалық колледжінен, Атбасар

агротехникалық колледжінен барлығы 100 қатысушының қамтылуымен 16 команда

қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:

1. «Мен болашақ кәсіпкермін» - презентация, командалардың визит карточкасы;

2. « Капиталдың бастапқы жиналуы» - интеллектуалды марафон;

3. «Алғашқы қоғамдық айырбас» - тауар алмасуға

байланысты жағдаяттық тапсырмалар;

4. «Экономика білгірлері» - Бекеттер бойынша экономикалық квест;

6. Капитандар сайысы – экономикалық терминдер, логикалық тапсырмаларды орындау;

          Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы аталмыш байқауға белсенді түрде қолдау көрсетті. Қазылар алқасының құрамына Бурабай ауданы Іскер әйелдері кеңесінің жеке кәсіпкерлері еніп, қатысушылардың білімін саралады.

Ақмола облысының кәсіпкерлер Палатасының бизнес тренері Е.А. Ахметжанов, «Даму» КДҚ АҚ Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджері Р.О.Какенов барлық қатысушыларға семинар-тренингтер өткізді. Бурабай ауданының жеке кәсіпкерлері кәсіпкерлікті жүргізу қағидалары туралы диалогтық алаң ұйымдастырды. 

Кәсіби бағдарлау жұмысының және кәсіпкерлік субъектілерімен танысу аясында Қазандық-механикалық зауытқа, тігін салонына,

«Ақ нұр» кафесіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

      Қатысушылар белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының және кәсіпкерлер палатасының грамоталарымен,

жетекшілер – алғыс хаттармен  марапатталды.

Және де  Бурабай ауданы Іскер әйелдері кеңесі барлық қатысушыларға, жетекшілерге ынтыландыру сыйлықтарын тарту еді

        Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен орналасты:

1 орын – Ақкөл ауданы П.Исаков атындағы №1ОМ “Синергия” командасы;

2 орын – Атбасар ауданы №2 ОМ  “Триумф” командасы;

3 орын – Щучинск қаласы педагогикалық колледжінің “Busіness Now” командасы.

         Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

         Қазылар мүшелеріне, көмек көрсеткендер ұйымдастырушыларға Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст