2024 жылғы 27 – 29 қазан аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІІ республикалық интеллектуалдық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.
Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 93 оқушысы бақ сынсады. Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ануар Кербез марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясы бойынша Көкшетау қаласы, № 11 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Тынымбаева Мадина марапатталды.
Грамотамен «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Аршалы ауданы, Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Амандосов Таир марапатталады.
Грамотамен «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Совет Ануар марапатталады.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!