2024 жылғы 20-22 қараша аралығында Щучинск қаласында орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында «Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) республикалық оқу семинары өтті. Оқу семинарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 160-тан астам математика мұғалімдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру. Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер олимпиадалық тапсырмалардың ерекшелігін терең түсініп, түрлі тақырыптар бойынша олимпиада еспетерін шешудің тиімді әдістерін меңгереді.
Республикалық оқу семинарына қатысушылар алдында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды математика олимпиадаларына табысты қатысуға дайындау үшін семинардың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әртүрлі тақырыптар бойынша әр түрлі деңгейдегі математикадан олимпиадалық есептерді шешудің тиімді әдістерін игерді.
Аталған оқу семинары аясында 22 қараша күні қатысушылар «Олимп шыңы» Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Республикалық семинардың барлық қатысушыларына сәттілік пен жұмыста табыс тілейміз!!!