АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

02.12.2024

2024 жылғы 26-30 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (республикалық) кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңі алты базада өтті: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебі IB, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, Astana IT University,  Ә.Бөкейханов атындағы Binom school және Астана Халықаралық мектебі. Республикалық (төртінші) кезеңге еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Олимпиадада ІІІ (облыстық) кезеңінің 23 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, грамотамен –3 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы "Ең үздік олимпиадалық команда-2024" ІІ-дәрежелі дипломына ие болды.

"География" пәні бойынша Олимпиаданың алтын медальмен және І-дәрежелі дипломмен Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Каргин Захар марапатталды.

Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Ержігіт Ербол – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;

2.Шакубаев Жанкабыл – Бұланды ауданы, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

3.Панкеев Сергей - Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;

4.Касымов Алмас - Жақсы ауданы, Чапаевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;

5.Маур Яна - Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша.

Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Галиаскар Диас - Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  8 (9)-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;

2.Ермолин Илья - Бурабай ауданы, Кеңес Одағының батыры А.С.Куница атындағы Николаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;

3.Зулан Дана - Ақкөл ауданы,  Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;

4.Базарбек Талғат - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

5.Галыгин Иван - Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;

6.Самуратов Даниил - Бурабай ауданы, Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша;

7.Әзірет Кәусар - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша;

8.Закупов  Адиль - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша.

Грамоталармен марапатталды:

1.Майлхан Назерке - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

2.Ижакевич Дмитрий  - Астрахан ауданы, Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

3.Құрал Ақан - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 1201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст