АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Таланттарды дайындау зертханасы – 2024» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану олимпиадасы» қорытындысы

13.12.2024

2024 жылдың 5 желтоқсанынан 10 желтоқсанына дейін Баку және Ленкорань қалаларында (Әзербайжан) «Таланттарды дайындау зертханасы – 2024» атты жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану олимпиадасы» өтті. Жоба Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты – ТМД елдерінің жас ұрпағының зияткерлік әлеуетін анықтау, нақты, техникалық және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытқан немесе қызығатын жастар арасында бәсекеге қабілетті орта мен байланыс орнату.

2017 жылы жоба алғаш рет халықаралық деңгейде өтті. Биыл Ленкорань қаласы Әзербайжанның Жастар астанасы деп жарияланды, осыған байланысты онда елдегі барлық халықаралық жастар іс-шаралары өтуде.

2024 жылғы Олимпиада аясында физика, химия және математика бойынша күндізгі турлар өткізілді. Олимпиада нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігінің бағалы сыйлықтары мен дипломдары табысталды.

Жобаға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия және Әзербайжаннан жүзден астам оқушы қатысты. Қазақстан командасы 4 қатысушыдан турды.

         Олимпиада қорытындысы бойынша физика, химия және математика пәні бойынша қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатінің 10-сынып оқушысы Саберлинов Нұрислам марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 1146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст