2024 жылғы 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті. Қорытынды (республикалық) кезең 7 пән бойынша дәстүрлі форматта екі турдан 450 оқушы арасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадада ІІІ (облыстық) кезеңінің 26 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.
"Ағылшын тілі" пәні бойынша Олимпиаданың алтын медальмен және І-дәрежелі дипломмен Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ерназар Жанерке марапатталды.
Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Оспан Айлина - Есіл ауданы, Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша;
2. Ким Леонид - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша.
Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Бахатбек Жанерке - Астрахан ауданы, Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша;
2. Увахит Рәмина - Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы,"Ағылшын тілі" пәні бойынша;
3. Мардан Әсем - Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша;
4. Есмуханов Дулат - Бұланды ауданы, Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;
5. Серикова Дильназ - Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, "Қазақстан тарихы" пәні бойынша;
6. Фестер Николь - Аршалы ауданы, Аршалы кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша;
7. Воронина Евгения - Жарқайың ауданы, Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша.
Грамотамен марапатталды:
1. Салий Виктория - Бұланды ауданы, Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша;
2. Александров Кирилл - Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Құқық негіздері" пәні бойынша;
3. Ахметжан Аруна - Целиноград ауданы, Қаражар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша;
4. Сапарова Дамеля - Ерейментау ауданы, Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша;
5. Жумагулов Таир - Бурабай ауданы, Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Құқық негіздері" пәні бойынша.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!