АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

31.01.2025

2025 жылғы 29-30 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында әл-Фараби атындағы IT лицейінің базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңді ұйымдастырушылар - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.

Чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету болып табылады. 

Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 112 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: Роботек, Инверстік сызық бойымен жарыс, Жеткізуші робот, Мерген, Туды жеткізу, Сұрыптаушы робот, РобоБаскетбол.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 40 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 12 оқушы марапатталды.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «ASH#1» командасы Полынин Никита - Ақкөл ауданы,  Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «ASH#1» командасы Жумабаев Алидар - Ақкөл ауданы,  Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Асанбай Ілияс  - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

4. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Белгібай Амиржан   - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

5. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Kosshy Jana beles» командасы Орал Інжу - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

6. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Kosshy Jana beles» командасы Өмірәлі Санжар - Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

 

7. «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Амантай Әуез - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

8. «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Қайрат Мадияр - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

9. «Роботек» номинациясы бойынша, «ASH#3» командасы Талғат Нур-Асыл - Ақкөл ауданы,  Ақкөл қаласының Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

10. «Роботек» номинациясы бойынша, «ASH#3» командасы Сайлау Санжар - Ақкөл ауданы,  Ақкөл қаласының Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

11. «Мерген» номинациясы бойынша, «Bolashaq Saraiy» командасы Қайрат Ерсайын - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 7-сынып оқушысы;

12. «Мерген» номинациясы бойынша, «Bolashaq Saraiy» командасы Талғат Мақсат - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 7-сынып оқушысы;

13. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Булат Әбілмансұр - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 9-сынып оқушысы;

14. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Жылқайдар Асылхан - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 9-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «Kosshy Jana beles» командасы Байзаков Арсен - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 6-сынып оқушысы;

2. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «Kosshy Jana beles» командасы Калиев Абзал - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 7-сынып оқушысы;

3. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «2К» командасы Кабатов Бүркіт - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 4-сынып оқушысы;

4. «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «2К» командасы Китлер Руслан  - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 4-сынып оқушысы;

5. «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Glitch» командасы Бекишев Мирас - Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы;

6. «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Glitch» командасы Төлеген Арслан - Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы;

7. «Роботек» номинациясы бойынша, «RoboBoys» командасы Абдильман Дидар - Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

8. «Роботек» номинациясы бойынша, «RoboBoys» командасы Булаткан Диас - Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;

9. «Мерген» номинациясы бойынша, «RoboSapiens» командасы Тогтау Имангали - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

10. «Мерген» номинациясы бойынша, «RoboSapiens» командасы Махмет Алаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

11. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Арбузика» командасы Мусилманбек Аңсар - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 3-сынып оқушысы;

12. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Арбузика» командасы Еркебұлан Мансұр - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq Saraiy» -ның 7-сынып оқушысы;

13. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Sparta» командасы Степанов Вадим - Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

14. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Sparta» командасы Соловьёв Максим  - Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

         ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «Smart-X» командасы Тарасенко Дмитрий - Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

2. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «Smart-X» командасы Судник Матвей  - Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;

3. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «SpaceX» командасы Рыбинцев Кирилл - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

4. «Инверстік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «SpaceX» командасы Соколов Вячеслав - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының П.И.Морозов атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

5. «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Minotaur» командасы Окопович Давыд - Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

6.«Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «Minotaur» командасы Омельченко Владислав  - Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

7. «Роботек» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Уалидинов Ислам - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

8. «Роботек» номинациясы бойынша, «Abylaikhan» командасы Сансызбай Жарқын - Бурабай ауданы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

9. «Мерген» номинациясы бойынша, «Milan» командасы Қайырбек Бақытжан - Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 8-сынып оқушысы;

10.«Мерген» номинациясы бойынша, «Milan» командасы Даулетбай Адильхан  - Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 11-сынып оқушысы;

11. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Robo Baluan» командасы Шайзан Рауан -  Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

12. «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Robo Baluan» командасы Алимбаев Нұрислам -  Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы.

Робототехника чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 954


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст