Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 20 - 22 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектпе оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Байқау 7 секция бойынша өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; медицина, психология, экология; технология және өнер.
Ақмола облысынан 9 жобамен 12 оқушы қатысты.
Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша 10 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
І-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1.«Технология және өнер» секциясы бойынша Пинчук Ксения - Астрахан ауданы, Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2.«Технология және өнер» секциясы бойынша Сазонов Марк - Көкшетау қаласы, № 1 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы;
3.«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Амангельдина Айерке - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы;
4.«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Нұртан Нұрай - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы.
II-дәрежелі дипломмен «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Балташев Арсен - Зеренді ауданы, Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Қайроллаев Альтаир - Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
2.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Есен Адия - Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Серікбек Бауыржан– Ерементау ауданы, Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
4.«Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Тараканова Дарья - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
5.«Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Божко Елизавета - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Грамотамен «Ағылшын тілі» секциясы бойынша Приступа Варвара - Көкшетау қаласы, № 2 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы марапатталды.
Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!