АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ақмола облысының оқушыларының «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» семинар-тренингіне қатысуы туралы ақпарат

28.02.2025

2025 жылғы 26-27 ақпан аралығында Ақмола облысының мамандандырылған ұйымдарының 40 оқушысы онлайн-форматта өткен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» семинар-тренингіне қатысты.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы.

         Семинар-тренингтің мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділ және құқықтық мемлекет құруға бағытталған бастамалары мен шешімдерін дәріптеу болып табылады.

Семинарға қатысушылар Қазақстанның дамуының жаңа басқару шешімдерімен және стратегиялық бағыттарымен танысты, сондай-ақ әділ азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін маңызды саяси принциптер мен құндылықтар туралы білім алды.

Тренинг барысында қатысушылар ел дамуының ағымдағы мәселелерін белсенді талқылады, пікір алмасты, практикалық тапсырмаларды орындады, адал және тиімді азаматтық қоғам құру үшін нақты қадамдар әзірледі.

Семинар соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының сертификаттары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Просмотров: 545


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст