АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Бастау» XVІІI республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

06.03.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 4-6 наурыз аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

         Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.

         2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы - бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.

         Облыстық кезеңі 3 турдан тұрды:

1-тур - «Әу, баста!» (командалық тур).

2-тур - «Асық» (командалық тур)

3-тур - «Математикалық бәйге» (жеке тур)

Әр команданың құрамы үш адамнан тұрды: 2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан-1 оқушы, 4 сыныптан-1 оқушы.

Облыстық кезеңге 13 аудан мен Көкшетау және Қосшы қалаларынан 87 оқушы қатысты.

Ақмола облысының намысын «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде бірінші орын алған командалар қорғайтын болады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Командалық турдан:

1 орын - Көкшетау қаласының «Көкшетау қаласының командасы» (қазақ тілі) ие болды:

  1. Утеулин Қайсар - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы;
  2. Бекенов Хадис - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT лицейінің 3-сынып оқушысы;
  3. Болат Иманәли - Көкшетау қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

1 орын - Қосшы қаласының «Эрудит» командасы (орыс тілі) ие болды:

  1.  
  2. Балташ Мансұр - Қосшы қаласы, мектеп гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  3. Гарбовская Милена - Қосшы қаласы, мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;

2 орын – Бұланды ауданының «Жарқын жұлдыздар» командасы (қазақ тілі) ие болды:

  1. Серік Раяна - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;
  2. Отарбай Темірлан - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
  3. Төңкеріс Назарбек - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы.

2 орын - Көкшетау қаласының «Көкшетау қаласының командасы» (орыс тілі) ие болды:

  1. Абдымамынов Ролан - Көкшетау қаласы,  № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы;
  2. Байгенже Абұлхайыр - Көкшетау қаласы,  № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  3. Сактаганов Темирлан - Көкшетау қаласы,  № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 4-сынып оқушысы.

3 орын - Қосшы қаласының «Дарын» командасы (қазақ тілі) ие болды:

  1. Самалбек Нұрәділ - Қосшы қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;
  2. Амантай Салимжан - Қосшы қаласы, Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  3. Жексенбіқызы Мерей - Косшы қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

3 орын - Целиноград ауданының «Сириус» командасы (орыс тілі) ие болды:

  1. Иванкова Ксения - Целиноград ауданы, Родина ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  2. Ибраев Егор марапатталады - Целиноград ауданы, Родина ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  3. Шиндин Евгений марапатталады - Целиноград ауданы, Родина ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

Сонымен қатар, Жеке турдан 8 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы марапатталды:

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Сапарбек Жоламан - Бурабай ауданы, Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;

2. Зауров Юнус марапатталады - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Молдабеков Алихан – Астрахан ауданы, Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;

2. Асекова Канышай - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;

3. Сапарбек Еламан - Бурабай ауданы, Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;

4. Жамбулова Айлана - Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;

5. Хакибек Гүлназым - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;

6. Мәдәлі Айсана - Целиноград ауданы, Қоянды  ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 1346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст