АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Ясауитану» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу қорытындысы

20.03.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 11-13 наурыз аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылы «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 6-11 сынып оқушыларына арналған «Ясауитану» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

«Ясауитану» республикалық байқауының негізгі мақсаты - қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Байқауға Ақмола облысынан 29 оқушы қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған билет сұрақтарына жауап берді

            Байқаудың қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлдегер атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы марапатталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:

ІІ-дәрежелі дипломмен Жақсылық Даяна - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталады.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Нұрдосұлы Ернұр - Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

2. Мұратбек Жанерке - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.

         Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 1089


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст