Ақтау қаласында 2025 жылғы 10-15 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Олимпиадаға облыстық кезеңің 307 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде химия пәні бойынша – 156, ал информатика пәні бойынша – 151 оқушы.
Ақмола облысынан 12 оқушы қатысты, химия пәні бойынша – 6 оқушы, информатика пәні бойынша - 6 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломдармен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 2 оқушы және грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Мұғжан Дінмұхаммед - Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
2. Абенов Чингиз - Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
3. Қуанышбек Нұрислам - Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Шаймерден Нұрәлі - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
2. Егінбай Ақерке - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша.
Грамотамен «Информатика» пәні бойынша «Білім-инновация» лицей-интернатының 10(11)-сынып оқушысы Қуан Арсен марапатталды.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!