Астана қаласында 2025 жылғы 16-21 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Олимпиадаға облыстық кезеңнің 321 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты, оның ішінде физика пәні бойынша – 165, ал биология пәні бойынша – 156 оқушы.
Ақмола облысынан 12 оқушы қатысты, физика пәні бойынша – 6 қатысушы, биология пәні бойынша - 6 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 4 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
I-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша Менгулов Егор марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша Мереке Мирас марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Саберлинов Нурислам - "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша;
2. Куспаев Ибрагим - "Білім-инновация" лицей-интернатының 8(9)-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша;
3. Галиев Зуфар - Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;
4.Әлихан Жасмин - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша.
Грамотамен "IQanat High School of Burabay» мектебінің 10-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша Султанмуратов Нурдаулет марапатталды.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!