2025 жылғы 24-28 наурыз аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасы Алматы қаласында Республикалық физика-математикалық мектебінің базысында өтті.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін айқындау, қолдау және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 140-қа жуық 2-4 сынып оқушылары қатысты.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы - бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.
Олимпиаданың республикалық кезеңі үш тур бойынша өтті:
1-тур - «Әу, баста!» (командалық есеп);
2-тур - «Көкпар» (командалық есеп);
3-тур - «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп)
Әр командада үш оқушыдан болуы тиіс: 2 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 4 сыныптан - 1 оқушы.
Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда – қазақ тілінде, екінші команда – орыс тілінде) қатыса алады.
Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы марапатталды.
Жеке турда І-дәрежелі дипломмен Қосшы қаласының «Эрудит» командасының мүшесі (орыс тілі), Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 3-сынып оқушысы Балташ Мансұр марапатталды.
Жеке турда ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1) Утеулин Қайсар - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы, Көкшетау қаласының «Көкшетау қаласының командасы» (қазақ тілі);
2) Бекенов Хадис - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT лицейінің 3-сынып оқушысы, Көкшетау қаласының «Көкшетау қаласының командасы» (қазақ тілі);
3)Абельдинова Самина – Қосшы қаласы, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы, Қосшы қаласының «Эрудит» командасы (орыс тілі).
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Командалық турда ІІІ-дәрежелі дипломдармен «Көкшетау қаласының командасы» (қазақ тілі) марапатталды:
1) Утеулин Қайсар - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы;
2) Бекенов Хадис - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT лицейінің 3-сынып оқушысы;
3) Болат Иманәли - Көкшетау қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.
Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!