АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және математика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

03.04.2025

Алматы қаласында 2025 жылғы 23-28 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және математика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Олимпиадаға облыстық кезеңнің 324 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.

Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, география пәні бойынша – 8 қатысушы, математика пәні бойынша  - 6 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы және грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Ғалым Рахман- "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

2.Қайыргелді Мансұр- "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Есиркесинов Фараби - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;

2.Жақсылық Алдияр - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;

3.Сейтбаттал Темірлан - "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша;

4.Төлегенов Ерсұлтан - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

5.Булкаиров Бахтияр - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

6. Арынов Дамир - "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.

Грамотамен мараппатталды:

1. Мацедон Полина - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

2. Хуатбек Нұрсерік - "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының білім грантымен 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері Ғалым Рахман - "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География"пәні бойынша марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 992


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст