«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат

04.04.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының  оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 «Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу;

II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы;

III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) байқауы.

         «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

1. Еренбекұлы Нұрсұлтан -  Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – I орын;

2. Дастан Айзере  -  Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы – IІ орын;

3. Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы– IІІ орын;

4. Сатыбалдина Раушан  - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – грамота;

5. Халибек Жаннұр - Жарқайың ауданы Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота.

«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1. Амангелді Диас - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім -инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – І орын;

2. Габдуллина Дильназ -  Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы – ІІ орын;

3. Жанатбекқызы Назылы - Бұланды ауданы "Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – ІІІ орын;

4. Шамыханова Айша -  Целиноград ауданы Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының  9-сынып оқушысы – грамота.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

1. Усербаев Елжас - Степногорск қаласының  Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – I орын;

2. Эргашев Мұхаммед -  Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің  9-сынып оқушысы – IІ орын;

3. Абдуразақ Иманғали - Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің  9-сынып оқушысы – IІІ орын;

4. Шолтаманов Даулет - Ақкөл ауданы Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – грамота.

Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 85


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу