11.04.2025
Қарағанды қаласында 2025 жылғы 07 – 11 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Олимпиадаға облыстық кезеңнің 175 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.
Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша–4 қатысушы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша- 4 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен–2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен–3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен–1 оқушы, грамотамен–1 оқушы марапатталды.
I-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша;
2.Фрик София - Көкшетау қаласы, №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша;
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Головина Татьяна - Көкшетау қаласы, № 6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша;
2.Ермекова Линара - Көкшетау қаласы, Техниқалық лицейінің 11-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша;
3.Касенова Дария - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша;
IІI-дәрежелі дипломмен Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі" пәні бойынша Шаяхмет Асия марапатталды.
Грамотамен Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Хлыстова Валерия марапатталды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректорының білім грантымен 10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алтын медалі иегері Фрик София - Көкшетау қаласы, №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша марапатталды.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!