«Ясауитану-2025» республикалық байқауының қорытынды кезеңінің ақпараты

18.04.2025

2025 жылғы 17-18 сәуір аралығында Түркістан қаласында жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану-2025» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқау қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелен ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтады.

Республикалық байқау ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әзірет Сұлтан» ұлтық тарихи-мәдени музей-қорығы.

Ақмола облысынан «Ясауитану-2025» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 3 жеңімпазы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен және 100 мың теңге ақшалай сертификатпен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жақсылық Даяна марапатталды.

IІ-дәрежелі дипломмен және 50 мың теңге ақшалай сертификатпен Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Мұратбек Жанерке марапатталды.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 91


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу