АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

3-4 сыныптар арасында өтетін «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың баспасөз-анонсы

18.04.2025

2025 жылғы 18 сәуір күні 3-4 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының базасында өткізілді.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

         Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта

ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 12 оқушы, грамотамен- 8 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 12 оқушы, грамотамен- 8 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар, жүлделі орынға ие болмаған оқушыларға сертификат берілді.

І орын алған оқушыларымыз республикаға жолдама алды.

         Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст