АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі, француз тілі және неміс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

25.04.2025

Көкшетау қаласында 2025 жылғы 21 – 25 сәуіраралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі, француз тілі және неміс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық білім басқармасы және «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Олимпиадаға облыстық кезеңнің 175 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.

Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, ағылшын тілі пәні бойынша – 9 қатысушы, француз тілі пәні бойынша  - 1 оқушы, неміс тіліпәні бойынша  - 4 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен– 2 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

Ақмола облысының командасы республикалық олимпиадасының «Ең үздік олимпиадалық команда»  ІІ-дәрежелі командалық дипломымен марапатталды.

I-дәрежелі дипломмен “Білім-инновация”лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша Әбдікарим Мақсат марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Чаленко Дарья - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша;

2. Телжан Иманали - "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша;

3. Неклюдова Виктория  -  Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Неміс тілі» пәні бойынша.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Бақыт Мәлике - Көкшетау қаласы, № 1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, «Неміс тілі»  пәні бойынша;

2. Тиржанова Жанель - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша.

Грамотамен марапатталды:

1. Трайгель Кира - Көкшетау қаласы,  №5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы, "Неміс тілі" пәні бойынша;

2. Шарова Виктория - Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы, «Француз тілі» пәні бойынша.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ректорының білім грантымен10-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қола медалі иегері Тиржанова Жанель - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст