06.05.2025
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 4-6 мамыр аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынтыландырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1.Математика;
2.Жаратылыстану;
3.Қазақ тілі мен әдебиеті;
4.Орыс тілі мен әдебиеті;
5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;
6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
7.Ағылшын тілі;
8.Қазақстан тарихы.
Олимпиада қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 16 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 23 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 40 оқушы марапатталды.
Сонымен қатар, өз білімімен ерекшеленгені үшін 18 оқушы грамотамен марапатталды.
Олимпиаданың облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!!!