"Жас зерттеушілердің І форумы"

16.05.2025

2025 жылғы 16 мамыр күні Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумын өткізді.

Бұл форум – мектеп оқушыларының ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке деген қызығушылығын қолдап, оларды бір ортаға тоғыстыратын бірегей платформа. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.

Ауқымды жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, еліміздің жетекші жас ғалымдары, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 400-ден астам дарынды оқушы мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Форум аясында оқушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынатын ашық алаң жұмыс істеді.

Форум нәтижесі бойынша ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жанынан Жас зерттеушілер академиясы құрылатын болады.

Ақмола облысынан форумға 4 оқушы қатысты:

1. Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, Тіл білімі (орыс тілі)   секциясы бойынша, жобаның атауы: «Активные деривационные процессы в языке современной рекламы (на примере социальных сетей, наружной, газетной и телевизионной рекламы Акмолинской области)»;

2. Жунусова Аружан  - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, Тіл білімі (ағылшын тілі) секциясы бойынша, жобаның атауы: «Англицизм в городе Кокшетау»;

3. Бегзан Зерде - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, Әдебиет (қазақ тілі) секциясы бойынша, жобаның атауы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы адамгершілік, ар-ождан мәселелері»;

4. Дүйсенбек Ақерке - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, Әдебиет (қазақ тілі) секциясы бойынша, жобаның атауы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы адамгершілік, ар-ождан мәселелері».

Просмотров: 94


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу