АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ашық халықаралық биология олимпиадасының (Open International Biology Olympiad, OIBO) қорытынды нәтижелері

17.05.2025

2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Сочи қаласында «Сириус» білім беру орталығының базасында Ашық халықаралық биология олимпиадасы (Open International Biology Olympiad, OIBO) өтті.

14 елден келген жас биологтар үш турдан тұратын тапсырмаларды орындады: теориялық, практикалық (жеке) және жобалық (топтық). Әр тур әртүрлі күндері өткізілді.

OIBO – оқушыларды заманауи биологиялық және биотехнологиялық мәселелерді шешуге, зерттеуге тартуға, өнеркәсіптік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қатысушылар арасында халықаралық өзара әрекеттестікті нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық олимпиада.

Қазақстан құрамасы 2024–2025 оқу жылындағы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан құрылды: Батыр Ержанұлы – Шығыс Қазақстан облысындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Ерсұлтан Қайркен – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы; Алихан Аширханов – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы; Дмитрий Титков – Павлодар облысындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы; Алимұхаммед Саматұлы – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Егор Менгулов – Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы.

Команда жетекшісі – Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары Айгүл Әкімгерейқызы Қарқұлова.

Айта кетейік, олимпиада басталмас бұрын Қазақстан құрамасы ұйымдастырушылардың шақыруымен «Сириус» білім беру орталығы базасында биология пәні бойынша он күндік халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өтті.

Open International Biology Olympiad (OIBO) халықаралық олимпиадасының нәтижесі бойынша Егор Менгулов күміс медаль иегері атанды.

Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жарқын жеңістер тілейміз!!!

 

 

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст