2025 жылғы 27 мамыр күні Көкшетау қаласында "ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ - ЕЛ БОЛАШАҒЫ" тақырыбында халықаралық, республикалық интеллектуалдық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесу өтті.
Құрмет көрсету рәсімінде 9-11 сынып оқушыларының халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың 70 жеңімпазы мен жүлдегері ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың алтын медальдарының 41 иегеріне 100 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.
Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың күміс медальдарының 13 иегеріне 80 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.
Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың қола медальдарының 16 иегеріне 50 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.
Кездесуде Облыстық көпбейінді ауруханасы хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері, Ш.Уәлиханов атындағы университеті Жоғары медицина мектебінің шетел топтарының аға оқытушысы, Облыстық жедел жәрдем станциясы санитарлы авиация бөлімінің дәрігері, олимпиада жүлдегері, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Қабдрашитов Жамбыл Дулатұлы, Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы мектеп- гимназиясынін 2013 жылғы түлегі, «Қазақстан» Республикалық Қазақстан телерадио корпорациясы акционерлық қоғамы «Таңшолпан» таңғы ақпаратық – сазды бағдарламасының жүргізушісі Қасымханов Ардақ Нұрболғанұлы және Сонымен қатар Жеңісбек Тағай – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім – инновация» лицейінің 2014 жылғы түлегі, физика ғылымдарының Phd докторы, қазіргі уақытта АҚШ-тағы әйгілі Джон Хопкинс университетінің кванттық физика және кванттық материалдар саласының зерттеушісі қатысушыларға білім беру олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілей отырып құттықтау сөзін сөйледі.
Дарынды оқушылар атынан әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалардың жүлдегерлері сөз сөйлеп, ата-аналарына, мұғалімдеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өңір оқушыларын олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуға шақырды:
1.Телжан Иманали, Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
2. Менгулов Егор, Көкшетау қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3. Тиржанова Жанель, Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
4. Бабкова Анастасия, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
5. Құлшымбек Қарлығаш, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
2024-2025 оқу жылындағы республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!