2025 жылғы 18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде.
Зияткерлік сайысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай елдерінен 130-дан астам оқушы мен 50-ге жуық жетекші қатысты.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:
1) «Абайдың асыл мұрасы»
2) «Абайдың ақын шәкірттері»
3) «Әнді сүйсең менше сүй»
4) «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
5) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс, қола медальдарымен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.
Ақмола облысынан «Абай оқулары» облыстық кезеңінің 4 жеңімпаз қатысты:
1.«Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша Қанат Медина - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2.«Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Казкен Аруна - Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
3.«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша - Елешұлы Нұрғиса - Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
4.«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша Алтын Әділет - Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Елешұлы Нұрғиса - Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
2. Казкен Аруна - Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы
ІІІ-дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Алтын Әділет марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз алдағы күшті жеңістер тілейміз!!!