«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі туралы ақпарат

25.06.2025

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында  2025 жылғы 23-25 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының  оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 «Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім»;

II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...»;

III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған».

Ақмола облысынан облыстық кезеңінің 3 жеңімпазы қатысты:

         1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Еренбекұлы Нұрсұлтан -  Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2. «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша Амангелді Диас - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

3.«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» Усербаев Елжас - Степногорск қаласының  Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Мағжан оқулары байқауының қорытындысы бойынша IІІ-дәрежелі дипломмен  Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Амангелді Диас марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 7849


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу