Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІІІ республикалық интеллектуалдық байқауына қатысу қорытындылары туралы ақпарат

08.09.2026

2025 жылғы 29 – 31 қазан аралығында Астана қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІІІ республикалық интеллектуалдық байқауы өтті.

Байқауға Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты:

  1. «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы бойынша Ережепов Санжар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
  2. «Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша Аскерова Салтанат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
  3. «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша Жуманова Аружан- Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  4. «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша Беков Ералы - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.

Байқау қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен                       «Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Аскерова Салтанат  марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жуманова Аружан марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу