Республика ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат қорытындысы

08.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 3 - 5 қараша аралығында Көкшетау қаласы, Құрылыс технологиялық колледжінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңін өткізді.

         Аталмыш байқауға 228 ғылыми жоба беріліп, оның 163 сараптамадан өтті. Бұл байқауға Ақмола облысының барлық 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, облыстық мамандандырылған мектептер 196 оқушы қатысты.

         Байқаудың қорытындысы бойынша 109 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 23 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 38 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 48 оқушы, грамотамен – 17 оқушы марапатталды.

         Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар бейінді пәндер бойынша а.ж. желтоқсан айында екінші турдан (тестілеуден) өтеді.

Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 15


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу