2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХІ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
08.09.2026
2025 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХІ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Аталмыш байқауға 209 зерттеу жобасы тапсырылып, оның ішінде 152 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 173 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 134 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 47 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 63 оқушы, грамотамен – 39 оқушы марапатталды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!