Қазақстан білім олимпиадасын өткізу қорытындысы туралы

08.09.2026

Ғылымды дәріптеу мақсатында 2025 жылғы 8-12 қараша аралығында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры Edlight Academy бірлесіп Қазақстан білім олимпиадасын өткізді. 

Ақмола облысынан олимпиадаға 5 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан  88 оқушы қатысты.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша (математика, химия, физика, биология, информатика, география) екі кезеңде өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 28 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 11 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 12 оқушы, грамотамен – 15 оқушы марапатталды.

1)Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының (барлығы 29 оқушы қатысты) 19 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, грамотамен – 6 оқушы марапатталды.

2)Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының (барлығы 15 оқушы қатысты) 2 оқушысы грамотамен марапатталды.

3)Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының (барлығы 15 оқушы қатысты) 1 оқушысы грамотамен марапатталды.

4)Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының (барлығы 13 оқушы қатысты) 4 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

5)Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының (барлығы 16 оқушы қатысты) 5 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 16


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу