«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
08.09.2026
2025 жылғы 24 – 25 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында 11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өткізілді. Зияткерлік шоу болып табылатын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телебағдарламасы алғаш рет «Хабар» агенттігінің эфирінде 1999 жылы шыққан.
Зияткерлік ойын үш кезеңде өткізіледі:
1)аудандық/қалалық;
2)облыстық;
3)қорытынды (республикалық).
Зияткерлік ойынға 13 ауданнан, Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 19 оқушы қатысты.
Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының республикалық (қорытынды) кезеңіне 5 оқушы қатысады.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Утегенов Ерасыл марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Жусупова Зарина марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
- Султанова Сания - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Солтанбек Аян - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Хуатбек Нұрсерік - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Грамоталармен марапатталды:
- Рахметов Ескендір - Бұланды ауданы, Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Дильманов Алишер - Степногорск қаласының Ю.А.Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Ержан Ақтоты - Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Рамазан Елнұр - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Зияткерлік ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!