Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

08.09.2026

2025 жылғы 25-29 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сыныпоқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV(республикалық) кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Олимпиадада ІІІ (облыстық) кезеңінің 20 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 9 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен –5 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы "Ең үздік олимпиадалық команда-2025" ІІ-дәрежелі дипломына ие болды.

Олимпиаданың алтын медальмен және І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Домбровский Тимур - Бурабай ауданы,Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша;

2.Шакубаев Жанкабыл - Бұланды ауданы, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «География» пәні бойынша.

Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Галиаскар Диас - Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;

2.Даулетбекова Камилла - Бурабай ауданы,Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;

3.Ержігіт Ербол - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;

4.Панкеев Сергей - Бурабай ауданы,Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Информатика» пәні бойынша.

Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Герасимова Валерия - Шортанды ауданы,Жолымбет кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;

2.Балташева Жанель - Бұланды ауданы,Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, «География» пәні бойынша;

3.Каргин Захар - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «География» пәні бойынша.

Грамоталармен марапатталды:

1.Щербань Илья - Шортанды ауданы,Шортанды кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша;

2.Жансая Абилбекова - Бурабай ауданы,Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша;

3.Бажбенов Эльдар - Целиноград ауданы,Талапкер ауылының IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «География» пәні бойынша;

4. Ғазизбатыл Нұрлыхан - Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Информатика» пәні бойынша;

5.Самуратов Даниил - Бурабай ауданы,Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 25


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу