9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпіздік бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
08.09.2026
9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2025 жылғы 14-15 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицейінің базасында өтті.
Олимпиада Safe Exam Browser платформасында онлайн форматта өтті.
Оған 25 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білім, дағды және қабілеттерге ие талантты жастарды анықтау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.
Олимпиаданың міндеттері:
- Оқушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде қауіпсіз қаржылық мінез-құлық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- Оқушылардың әртүрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін дамыту, сондай-ақ қаржылық құралдарды пайдалану және қаржылық тәуекелдерден қорғану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- Жобалық және зерттеушілік ойлауды дамыту, қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде практикалық тәжірибе алу;
- Алған міндеттемелер үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру, қаржылық қызметтер тұтынушысының құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың мүмкіндігі мен қажеттілігін түсіну.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 6 оқушы қатысады:
1.Чикомеев Михаил - Атбасар ауданы, Мариновка ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2.Махсатқызы Жайнар - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3.Бахытжан Нұрымжан - Silk-Road corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қосшы қаласының Бизнес академия «Дара» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
4.Чугунов Андрей - Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
5.Меркулов Роман - Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
6.Сейтқали Жалиль - Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.