Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші (тестілеу) кезеңінің екінші айналымы туралы

08.09.2026

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңінің (тестілеу) екінші айналымы 2025 жылғы 19-20 желтоқсан аралығында  Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

Тестілеуге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде бірінші турдан сәтті өткен, жүлделі орындарға ие болған (І, ІІ, ІІІ) 109 оқушыдан қатысты.

         Ғылыми байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Деңгейлер бойынша құрастырылған бейіндік пәндер бойынша 60 тест тапсырмасын қамтитын тестілеуді өткізуге 120 минут бөлінеді:

1 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын білім мен түсінуге арналған тапсырмалар;

2 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын қолдану тапсырмалар;

3 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар.

Тестілеу келесі секциялар бойынша 3 ағымда өтті:

1 ағын: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау. Қатысушылар саны – 36 оқушы.

2 ағын: химия, қазақ тілі қазақ тілді мектептерінде, қазақ тілі орыс тілді мектептерінде,  орыс тілі қазақ тілді мектептерінде, орыс тілі орыс тілді мектептерінде, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті. Қатысушылар саны – 35 оқушы.

3 ағын: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым, тарих, адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану. Қатысушылар саны – 38 оқушы.

Просмотров: 25


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу