Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі

08.09.2026

2026 жылғы 9 қаңтар күні Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Олимпиада 2026 жылғы 5-9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында өтті, оған Ақмола облысының 428 оқушысы, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда екі турда, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өтті.

2026 жылғы 8 қаңтар күні олимпиада қатысушылары Ш.Құсайынов атындағы қазақ музықалық драма театрында «Алло, мама» спектаклін тамашалады.

Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 234 ақмолалық оқушы жеңімпаз, жүлдегер және грамота иегерілері атанды: І орын-40; ІІ орын – 44; ІІІ орын – 107; грамота - 43.

Жүлделі орындардың санына сәйкес үздік командалар анықталды. Олар «Үздік команда-2026» номинациясы бойынша дипломдармен, кубоктармен марапатталды:

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:

  • І-орын - «Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;
  • ІІ-орын - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының командасы;
  • ІІІ-орын - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы.

- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша:

  • І-орын - Көкшетау қаласының командасы;
  • ІІ-орын - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы;
  • ІІІ-орын - Степногорск қаласының командасы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Ең жас қатысушы-2026» номинациясы дипломымен және  кубогымен биология пәнінен 10-сынып үшін қатысқан Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Далайхан Күміс марапатталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша «Ең жас қатысушы-2026» номинациясы дипломымен және  кубогымен қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 9-сынып үшін қатыскан Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Олжас Бегім-сұлу марапатталды.

Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын сәтті қорғауды тілейміз!!!

Просмотров: 36


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу