«Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

08.09.2026

2026 жылғы 27-29 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицейінің базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңді ұйымдастырушылар - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.

Чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету болып табылады. 

Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 119 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: Роботек, Инверстік сызық бойымен жарыс, Жеткізуші робот, Мерген, Туды жеткізу, Сұрыптаушы робот, РобоБаскетбол.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 44 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 16 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

Робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 31


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу