2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңінің туралы ақпарат

09.09.2026

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 28 - 31 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектпе оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциялары: математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия. Ақмола облысының намысын 11 жобамен 13 оқушы қорғады.

Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен –  оқушы – 7, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Физика, космос» секциясы бойынша Нұрболатқызы Раяна – Зеренді ауданы Қонысбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;

2. «Туризм және спорт» секциясы бойынша Дәулетбек Ясмин – Бурабай ауданы Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;

3. «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Серік Айжұлдыз – Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Химия, биология» секциясы бойынша Султанбек Байбек – Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;

2. «Туризм және спорт» секциясы бойынша Қараева Назерке – Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

3. «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Харьков Егор – Сандықтау ауданы Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

4. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Зарипов Адильхан – Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

5. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Кенжебай Арман – Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

6. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Асетқызы Кәусар – Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

7. «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Қуан Айша – Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы.

Грамотамен «Химия, биология» секциясы бойынша Мукаш Агиля – Шортанды ауданы Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы марапатталды.

Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 19


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу