Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңін қорытындысы
09.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 5-7 ақпан аралығында Көкшетау қ. Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсатты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиада 6 пән жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика.
Олимпиада 6 пән қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Олимпиадаға 313 оқушы қатысты.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 125 оқушы жеңімпаз, жүлдегер және грамота иегері атанды: І орын-19, ІІ орын-35, ІІІ орын-58, грамота-13.
ЖМБ пәндері бойынша олимпиадаы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 53 жүлдегер: І орын-8, ІІ орын-17, ІІІ орын-28, грамота-4.
ҚГБ пәндері бойынша олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 59 жүлдегер: І орын-11, ІІ орын-18, ІІІ орын-30, грамота-9.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және республикалық кезеңде табыс тілейміз!!!