Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 17 - 20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңі өтті.
Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Ғылыми жобаларды қорғау бір бағыт, оның ішінде 6 секция бойынша жүзеге асырылады:
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.
Ақмола облысынан 12 жобамен 14 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.
II дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. «Әдебиет (қазақ.)» секциясы бойынша Дүйсенбек Ақерке – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
2. «Әдебиет (қазақ.)» секциясы бойынша Имантай Жансұлу – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
3. «Тіл білімі (орыс.) орыс тілі орыс сыныбында»секциясы бойынша Мусина Айжан – Степногорск каласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.
IІI дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. «Тіл білімі (орыс.) орыс тілі қазақ сыныбында»секциясы бойынша Баянбай Әмина - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. «Өлкетану» секциясы бойынша Опабекова Дильназ – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:
1. «Тіл білімі (ағылш.)» секциясы бойынша Ерғали Мадина - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
2. «Адам және қоғам» секциясы бойынша Каиржанова Перизат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
3. «Тіл білімі (қазақ.) қазақ тілі қазақ сыныбында» Бағланқызы Сұнқар - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
4. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Асқар Мұнтаза – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!