Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңінің туралы ақпарат

09.09.2026

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 20 - 23 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектпе оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқау 7 секция бойынша өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; медицина, психология, экология; технология және өнер.

Ақмола облысынан 9 жобамен 11 оқушы қатысты.

Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша 8 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы.

І-дәрежелі дипломмен «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Дәуіржан Інжу – Қосшы қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Бериккалиева Ясин – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Жапарова Аружан – Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

3.«Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Аблашев Адислам – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

4.«Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Саврас Герда – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

5.«Технология және өнер» секциясы бойынша Голуб Максим – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

6.«Технология және өнер» секциясы бойынша Ященко Елизавета – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

7.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Орал Батыржан – Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы.

Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 7


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу