«Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат
09.09.2026
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 25-27 ақпан аралығында Көкшетау қаласында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңін өткізді.
Айтыста 19 мектебінің оқушылар қатысты.
Жас ақындар айтысының қорытындысы бойынша I, II, III орын алған оқушылар:
- "Қайым айтыс" номинациясы бойынша Қапыш Аярыс – Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің IT мектеп - лицейінің 10 - сынып оқушысы – I орын.
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Әбусеит Дінмұхаммед – Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 - сынып оқушысы – II орын;
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Нұрғамит Сұлтанәлі - Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 - сынып оқушысы – ІІІ орын;
- «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша Ғалым Марғұлан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8 - сынып оқушысы – ІІІ орын.
- «Қайым айтыс» номинациясы бойынша Бейбітхан Гүлжанар - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 10 - сынып оқушысы – ІІІ орын.
Ақындар айтысының республикалық кезеңіне жолдама алған қатысушыға сәттілік тілейміз!!!
Просмотров: 13